Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
2764
Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?

Алғыс айтқан арымас. Дана халқымыз ежелден үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіруде алғыстың маңызы зор деп біледі. "Қарғыс алма, алғыс ал" деген мақалда соны меңзесе керек. Алғыс айту күніне орай, қала тұрғындарының арасында сұрау салдық. "Сіз кімге Алғыс айтар едіңіз? деген сауалға жауаптар  әрқилы болды. Тындап көрейік:

- Ата-анама алғыс айтамын.

- Достарыма, осы ағаларыма.

- Өзімнің еліме, ата-анама, халқыма

- Мұғалімдеріме айтатын едім мектептегі, универдегі. 



Иә, дана халқымыз қашанда Алғыс білдірудің маңызын ұмытқан емес. Өйткені біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді дейді,-мамандар. Адамның шын көңілі, ризашылығы шабыттандырады, жақсылық жасауға жетелейтіні сөзсіз.  

Б. Сатуов