Марат Ерназарұлы – жүргізуші: Бір айдан кейін жазғы Олипимада ойындары басталады. Кімдерге жанкүйер боласыз? Түн жарым, мейлі таңға дейін жерлестеріміз үшін, тақымымызды қысып, телеарнаға телміретін сәт. Бөтен құрлық төрінде байрағымыз желбіреп, Әнұран ойнағанда қуаныштан жүрегіміз жарыла жаздап, көңіл де босап сала беретін. Осы бір эйфорияны биыл сезінеміз бе, жоқ па? Алтынды қанжығалайтын ауыр атлеттер мен боксшылар ғой. Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы өткен олимпиадада Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанында допинг болғанын хабарлады. Ильинде Бейжің олимпиадасында да допинг болған деген екінші хабар да шықты. Өте ауыр жаңалық. Ең сорақысы - тұтас құрама 1 жылға әлемдік додаларға, оның ішінде Рио олимпиадасына қатысудан шеттетілуі мүмкін дейді. Мәселе соған бара жатыр... Жанкүйерлердің іші удай ашып жатыр. Кейбіреулерді кезінде жеңіс үшін, спортшыларға берілген 250 мың доллар мазалайды.
...
Егер Ильядан екі алтынды алып қойды делік. Сосын? Біз үшін оның абыройы түсіп
қала ма?
Әйтпесе ауыр атлетика тарихындағы феномен Ильяның төккен тері сырттың бір
жапырақ қағазы мен 200 грамдық алтын құймасына қарап тұрған жоқ. Илья Ильин -
бұл ертеңгі тарих, бүгінгі идеал спортсменнің прототипі. Допинг дауы арқылы
біздің спорттық тарихымызды және бүгінгі сенімімізді тас-талқан еткісі келетін
әлемдік спорттың көкелері. (Бұған саяси себептер жоқ емес.)
Саясаты саясат шығар. Бірақ мемлекет ауыр атлетика саласын алақанға салып бүкіл жағдайды жасады ғой. Енді неге олар допинг дауы туындамайтындай етіп жұмыс істемеді? Федерацияны да жазалау керек.
...Ни ауыр атлетиканы бизнеске айналдыра білген адам. Мәселен, Лондонда топ жарған үшеудің жеке бапкері Нидің туған інісі болды. Яғни Мая, Зульфия, Светаның алтыны үшін оның туған бауыры 750 мың долларға кенелді. Ал осы үшеуінің алтыны үшін Ни бапкерге тағы қосымша ақша берілді. Сонда шамамен үш легионердің арқасында Ни әулеті 1 млн доллар табыс тапты.
Ғабит Сапарбеков Мәселе, АҚШ пен Батысқа бұл спорттың еш қызық емес екенінде ғой.
Timur Bektur «ЦА Монитор» қазіргі даудан бір-екі жыл бұрын дәл осы тақырып жөнінде жазған еді. Сол кезде Илья тобы болгариялық тәсілімен дайындалып келе жатқанын, ал олардың дәстүрінде допинг қолдану мен допинг дауы көп екенін жазды. Жалпы дамыған елдер ауыр атлетиканы қойғанын, онымен негізінен біз сияқты артта қалған елдер ғана шұғылданып жүргенін жазды.
Ауыр атлеттердің допинг дауына өкініп, "өзегі өртеніп" жатқандар көп екен. Егер олардың допинг қолданғаны рас болса, өкінетін дым да жоқ. "Алтын" жүлде құр өзі құнды емес, әділетпен алса қадірлі. Егер олардың допинг қолданғаны рас болса, бұл даудың шыққанына және бұл фәниде Әділет бар екен деп қуанған жөн шығар. Патриотизмнен әділдік жоғары тұрар болар...
Марат Ерназарұлы – жүргізуші:
Шыттай киінген «құрылысшы» Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. Қалай болса, солай жапсырылған тақтатасты – кафель плиткаларын қабырғадан оп-оңай сыпырып алып жатыр. Ол Исатай ауылындағы су жаңа емхананы көруге келген. Салық төлеушілер қалтасынан 70 млн теңгеге салынған нысанда күніне 50 адам ем-дом алуы тиіс-тін. Алайда әрең ілігіп тұрған кафель ауруға ауру жамап, адамның басын жаруы ғажап еместігін еске салған Ноғаев, жанындағы шенеуніктерге -құрылысты салған мердігерді тауып, шұғыл жазалау қажет,- деген. «Сырты бүтін, іші түтін» жалғыз бұл емхана ғана емесін, интернет-қауым жазып-ақ жатыр:
Современник:
70 млн-ға келісемін. Алайда мұнша қаражатқа салынса, плитка кемінде 5 жыл былқ етпей тұруы тиіс.
Аноним:
Таңқалатын несі бар!Қазақстанда бала-бақшадан бастап әрі қарай кете береді, бәрі осылай салынады ((((((((
Аноним:
Суретке қарағанда сылақ мол жағылыпты. Бірақ технология сақталмаған. Жапсырар алдында тақтатасты кемінде 2 сағат суға салып қою қажет. Әйтпесе ол сылақтың бойындағы бар суды өзіне сіңіріп алады да, кеуіп қалады.
Аноним:
Қызылқоғадағы Жантеректің мектебін көрсе екен, құлап қалар еді.
Аноним:
Шіркін, жаңадан салынған үйдің бәрін осылай қабылдап алса ғой.
Аноним: Барлық жерде осы тапсырыс беруші өз «үлесін» алады, сосын «амалсыз» нысанды үндемей қабылдап алады. Жарты жылдан кейін бәрі сыпырылып түсе бастайды. Одан кейін бүкіл ел «неге дамымаймыз, жемқорлық» деп әңгіме айтады...
Студияда жүргізуші: «Өзге пікір» бізге керек. Жалықпаңыз, жазып тұрыңыз!