Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алаш азаматтары қазақтарды майданға/тыл жұмыстарына/ баруға үгіттеген...

AstanaTV
25.06.2016ж. 20:00
4258
Алаш азаматтары қазақтарды майданға/тыл жұмыстарына/ баруға үгіттеген...

Биыл – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы. Бұл көтерілістің қазақ тарихындағы орны айрықша. Әрине, кеңес одағы кезінде көтеріліс жан-жақты сараланған жоқ. Қаналған елдің патшаға қарсылығы ретінде ғана оқытылды. Ал сіз, қазақ зиялылары, болашақ Алашорда азаматтары, елді майданға баруға үгіттегенін білесіз бе? Неге? Оның жауабын осы тақырыпты зерттеп жүрген азамат, тарихшы Берік Әбдіғали береді. «Біздің сұхбат»: 

Берік Әбдіғали, тарихшы: Біздің де Бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан үлесіміз бар. Менің іздеп жүргенім осы ақиқатты дәлелдеу, құжаттар іздеу. Бізде қаза болғандар көп болды, қатысқандар көп болды, марапатталғандар – медаль, орден алып келгендер болды. Сондықтан біз де бірінші д/жүзілік соғысқа қатысқан халықтармен бірге атап өте алмыз. Қаза болғандарды еске ала аламыз. Бірақ солардың тізімі де жоқ, өкінішке орай. – Сіз тапттыңыз ғой?  - Иә, Батыс майданында 13 мыңға жуық қазақ болды деп Әлихан Бөкейханов айтады, өйткені сол майданда қатысқан. Басқа да қазақ зиялылары қатысқан. Олар инспекция дружина дейді, дивизия сияқты, сол жерлерде қазақтардың жағдайын тексеріп, сосын, оның бәрін «Қазақ» газетіне жазып отырған. Сол 13 мыңның 6 мыңын таптық, Мәскеуден. Кімдер, қай ауылдан, қай болыстан, қай уезден, сондықтан ертең біз жарияласақ, арманым, солардың ұрпақтарын тапсақ...

Олар күніне бір рубль айлық алып отырды. Соны жинап, бір деректер келтіреді, бір күнде бір дружина 2,5 мың адам 15 жылқы жеп қойыпты деп. Сосын қара нан жей алмай қиналған. Сосын капуста жемейді, .... кейін бәрі реттеліп, мысалы, Құран кітаптарын сұраған, оларды алып беріп отырған. Қазақ газеттеріне жазылған. Байлардың өздері орындарына кедейлерді жіберіп, байып келгенде «туу, өзім баруым керек еді», дегендер болған.

-Сонымен, неге қазақ зиялылары майданға баруды үндеді?

-1812 жылы Наполеонды жеңген кезде орыс офицерлері жас, Еуропаны көрген кезде таңқалады. Мыналардың өмірлері қандай керемет деп. Ауылдарына дейін. Ресейге қайтқанда шок алады. «Біз қайда қалғанбыз?» деп. Олардың арманы осы елді өзгерту еді. Бостандық беру армандары еді. Мен ойлаймын Алаш зиялыларының арманы қазақты ояту еді, олар білді, қара жұмыс екенін. Барып көрсін, мамандық алсын, өйткені ол жерде оқытты ғой, деп. Ең бастысы, ауылдан шықпаған қазақтар ана жақтарды көргенде, үйлерді көргенде, Еуропаның дамығанын көргенде өзінде сенім оянатындай, «қалып қалыппыз ғой» деген. Тіл үйрену керек екенін, жұмыс үйрену керек екенін, бүйтіп жүре беруге болмайтынын.

Халықтың көбі сатқын деп те айтып жатты. Себебі халық көтеріліске шығып жатты. Торғай даласында, Қарқарада, қазақ даласының түкпір-түкпірінде. Олар жақтағандарды жек көріп, болыстарды өлтіріп жатты. Сол кезде олар /Алаш азаматтары/ дәлелдеу үшін өзіміз еріп барамыз деді. Қастарыңызда жүреміз деді...

Жастар дегенде, қызықты кинолармен, мысалы, орыстар, еуропалықтар киноларымен қызықтырады. Кино арқылы жастар тез қабылдайды да. Деректі фильмдер жасасақ, екіншіден, тарихшылардың да кінәсі көп – өзекті оқиғалар, құбылыстармен айналыспаймыз. Көбінесі конъюктуралық құбылыстардың көлеңкесінде қалып жатыр.

Жүз-ақ жыл бұрынғы тарихымызды білмейміз, 1905 жылғы орыс-жапон соғысына қатысқан қазақтар болды, 1-д/жүзілік соғысқа қатыстық,.... өзіміздің тарихымызды түгендеп шықпай, біз толыққанды ұлт бола алмаймыз.

Қазақ көтеріліске шықты – әділетсіздікке, қанауға, отарлауға қарсы. Сонымен бірге біріншіден, қынадай қырылмасын, екіншіден ел көрсін, жер көрсін, өндіріс пен өнеркәсіпті білсін деп, баруға үгіт жүрді... Мидың қатпарларына тоқитын дүние көп. Біз ең болмағанда соңғы ғасырдағы тарихымызды білуге ұмтылсақ. Салқын ақылға салып таразылауға кім, не кедергі? Оған жемқорлардың қатысы жоқ. Оларды жек көрсек те...