Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сібір жарасына қатысты Шығыс Қазақстандағы бір ауылда карантин жарияланды

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
1266
Сібір жарасына қатысты Шығыс Қазақстандағы бір ауылда карантин жарияланды

Сібір жарасына қатысты Шығыс Қазақстандағы бір ауылда карантин жарияланды. Бүгін эпидемиолог мамандар Айғай кезең ауылындағы екі адамның бұл індетті жұқтырғанын растады. Тағы 29 адам дәрігерлердің бақылауында. Оның бесеуі бала. 170 бас ірі қара малға екінші рет вакцина салынды.

Еске салсақ, 17 маусым күні  екі тұрғын ветеринар дәрігердің рұқсатынсыз мал бауыздаған. Кейін олар Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Қазір екі ер адамның да жағдайлары жақсы. Ал ауылда карантин жариялануына орай, маңайдағы жайылым жерлерде мал бағуға немесе төрт түлікті ауыл сыртына шығаруға қатаң тиым салынды. Мамандардың болжамына сай, инфекция мал көмілген жерден тараған. Ауылға жақын маңда орналасқан қорымға 1973 жылы Сібір жарасынан арам қатқан малдар көмілген екен. Дәрігерлер  инфекция жаңбыр суымен сыртқа шыққан деп топшылайды.

Ғазез Сүлейменов, ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

Қалған еттің барлығын алып, жойды. Жағып, өртеп, апарып көмді. Бәрі бақылауда, ет қадағалаусыз шығып кетпейді. Қазір ол жерде карантин жүріп жатыр. Бәрі бақылауда, ешқандай ет ешқайда шықпайды. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА