$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстік Қазақстанда Ақжар ауданындағы жер дауына нүкте қойылды

AstanaTV
02.03.2022ж. 20:00
1044
Солтүстік Қазақстанда Ақжар ауданындағы жер дауына нүкте қойылды

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы жер дауына нүкте қойылды. Аппеляциялық сот, алғашқы соттың 2021 жылы шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырды. Демек, тартысқа түскен 600 гектар аумақ «Кең дала 2019» серіктестігінің меншігінде қалатын болды. Бұдан бөлек, құжатта қателік жіберген жергілікті аудан әкімдігінің ісін, тексеріс жасауға облыс басшысына жолдады. Еске салайық, «Жанбота» шаруашылығы 2015 жылы аудандық әкімдіктен 600 гектар аумақты жалға алып, оған бірнеше жыл қатарынан егін еккен. Алайда, 2017-ші жылы ол жердің басқа иесі пайда болады. Тергеу қорытындысын сай аталған жер учаскесін бұған дейін, яғни 2009 жылы басқа компания жалға алып, кейін оны банкке кепілдікке қойған. Бірақ, билік өкілдерін олар бұл жайында ескертпепті. Артынша шаруашылық банкротқа ұшырап, банк оның жерін аукционға шығарған. «Кен дала 2019» компаниясы заңды түрде сатып алады, жерді әкімдіктің рұқсатымен пайдаланып жүрген «Жанбота» шаруашылығын сотқа берген.

А. Құрманкин