Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазір долларды сатып алудан пайда жоқ, - экономист

AstanaTV
02.03.2022ж. 20:00
1327
Қазір долларды сатып алудан пайда жоқ, - экономист

Доллар бағасы бүгін тағы 7 теңгеге қымбаттады. Қор биржасының мәліметінше АҚШ валютасы 492 теңгеге тең. Дегенмен экономисттер қазіргідей алмағайып кезеңде доллар жаппай сатып алудан пайда жоқ екенін айтты. Бұл - уақытша құбылыс. Сондықтан әліптің артын бағу керек деп кеңес береді. Қарулы қақтығысқа түскен тараптар келісімге келсе, жағдай біртіндеп тұрақталады. Қазір шарықтаған баға да осыдан кейін қалпына келе бастайды, дейді Александр Бурахта.

Александр БУРАХТА, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

Валюта айырбастаймын деп соңғы тиыныңызға дейін долларға ауыстырудың керегі жоқ. Менің ойымша, доллар көп ұзамай арзандайды. Дегенмен бұл құбылыс ел экономикасына да ауыр тиетінін мойындауымыз керек. Өйткені солтүстіктегі көршімізбен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Көп салаларда ортақ әріптестік бар.


АҚШ ақшасының қымбаттауы салдарынан, елдегі тауар бағасы да қазір құбылып тұр. Кәсіпкерлер пайда табу үшін, бағаға баға қосуда.  Бұлай жалғаса берсе, халықтың табысы күнкөрісіне жетпей қалмай ма? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап ерді.

Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе экономиканың ары қарай ілгерілуі тұрғысында іске асырылатын қадамдарды пысықтап жатырмыз. Осы орайда тиісті шешімдер қабылданады деп ойлаймын.

Е. Карин