$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Украинадағы қазақстандықтарды звакуациялау операциясы жалғасуда

AstanaTV
02.03.2022ж. 20:00
954
Украинадағы қазақстандықтарды звакуациялау операциясы жалғасуда

Америка Құрама Штаттары да Ресей ұшақтары үшін өзінің әуе кеңістігін жапты. АҚШ президенті Байден Владимир Путинге үндеу жолдап,  Ресейге қарсы  санкциялардың онан сайын күшейтілетінін ескертті. Украинадағы жағдай күннен күнге күрделене түсуде.  Қауіпті аймақтағы  қазақстандықтарды звакуациялау операциясы әлі жүріп жатыр.  Отандастарымыз мінген екінші ұшақ  елордаға жетті.  
 
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді  бомбалауды  тоқтатып, келіссөздерді жалғастыруға шақырды. Бірақ оның үндеуін Ресей естімегендей болып отыр.   

Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл адамшылықтан тыс нәрсе. Бұл зымыран соққысы Ресейдегі көптеген адамдар үшін біздің Киевтің мүлдем жат екенін дәлелдейді. Олар біздің астанамыз туралы, тарихымыз туралы ештеңе білмейді. Бірақ олардың барлығында тарихымызды өшіреміз, елдігімізді өшіреміз, бәрімізді өшіреміз деген бұйрық бар.

Украинадағы ахуал күрделене түсуде. Ондағы Қазақстан елшілігі  отандастарымызды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстандықтан мінген екінші ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына аман есен қонды.   Әуе бортында 120 адам болды, оның  4 -і бала.   

Кәрім ӘЖІҒҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Бізде бәрі жақсы. Эйр Астанаға және елшілікке рахмет. Біз өз көлігімізбен отбасымызбен шекарадан өттік.  Біз Киевтен 25 ақпанда Польша бағытында жолға шықтық. 5 күн бойы жол жүру оңай емес. 2013 жылдың соңынан бастап мен Украинада тұрып, жұмыс істеймін. Әрине, жарылыстарды естідік. 24-і күні мен Львовта іссапарда болдым, таңғы 7-ден бастап жарылыстардың дыбысын естідік.

Виталий КАРНАУШАСКАС, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Елге оралғаныма қуаныштымын. Мұнда әйелім екеуміз ғана келдік. Тып-тыныш жатқан Украинаны жарып жатыр. Қалай көзіңе жас келмейді. Туыстарымыз бен достарымыз қалды.  Поездбен шекараға дейін жеттік, әрі қарай автобус бізді Катовицеге дейін әкеліп тастады. Бәріне алғысымды білдіремін.


Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесші -уәкілі Сергей Коноваловтың айтуынша,  екі күнде 300-ден астам отандасымыз елге жеткізілген.

Сергей КОНОВАЛОВ, ҚР УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІ- УӘКІЛІ:

Польшадағы қауіпсіз аймақта әлі 74 адам бар. Олардың барлығы қонақүймен қамтамасыз етіліп, үшінші рейсті күтіп отыр. Біз дайындалып жатырмыз. Киевтегі елшілікте   елшілік қызметкерлері емес 30 адам бар. Елшімен бірге олардың барлығы   азық-түлікпен қамтамасыз етілген.  Сондай-ақ  Харьковтан 20 адамды күтіп отырмыз. Ал жақын арада Львовтан тағы 15 адам кетеді.

Елшіліктің ақпаратынша, бүгінгі күнге дейін, Украина-Польша шекарасынан Қазақстанның 361 азаматы өткен. Бұдан бөлек, қазір шекарада тағы 80 қазақстандық бар.  

Ә. Дүкембаева