«AMANAT» партиясын мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қазір «AMANAT» партиясына тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
А. Данияр