Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Партия жұмысын модернизациялаудың басым бағыттары қолға алынды

AstanaTV
02.03.2022ж. 20:00
1009
Партия жұмысын модернизациялаудың басым бағыттары қолға алынды

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс 22-ші Съезде, Мемлекет басшысы партияны модернизациялаудың 7  бағытын айқындап берді. Халықпен кері байланыс жасаудың және ашықтықты арттырудың тиімділігі зор екендігін түсіндірді. Демек, саяси ұйым мүшелерінің алдында халықтың әртүрлі топтарымен жеке жұмыс істеу міндеті тұр. Бұл орайда, 100 мыңнан аса мүшесі бар «Jas Otan» жастар қанатының да белсенділігі маңызды.  

Съезде партия жобаларының қатыры толықты. Мақсат халықтың тұрмысын түзеп, мұқтаж жандардың қатарын азайтуға көңіл бөліну. Жиынға онлайн қатысқан делегаттар осылай деді. Олар әлеуметтің әлденуі - тұрақты қоғамның негізгі кепілі деп отыр.

Талғат ДАРҒОЖИЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО СЫРЫМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің қоғамдық қабылдауға келетін кісілердің көпшілігі тұрғын үй мәселесі бойынша, сосын жұмыссыздық бойынша. Осы жұмыссыздыққа байланысты көптеген гранттар дейміз, көптеген жобалар қабылданып жатыр ғой. Бүгін де партиядағы 6 жобаның қатарына тағы да бір екі-үш жоба қосылып жатыр: «Әлеумет» деген жоба дейді, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы тағы да жобалар айтылды.

«ТАЗАLIKE», «Әлеумет», «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» сындылы жаңа жобалар, халықтың әртүрлі топтарымен жүйелі жүмыс жүргізілуді көздейді. Сонымен қатар, жұмыссыз жастармен де жұмыс күшейтілмек.

Алмас АЙТМҰҚАШ, «JAS OTAN» ЖҚ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сонымен қатар партияға жаңа көшбасшыларды, жаңа белсенділерді тарту арқылы халықтың арасындағы өзекті мәселелерді шешуді баса назарға ұстап отыр. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының да әлеуеті өте зор. Жұмыссыз жастармен, НИТ санатындағы жастармен, ауыл жастарымен өзекті мәселелерді шешуде аянбай еңбек етуге әзір екенімізді жеткізгім келеді.


Халықпен кері байланысты күшейтуге де басымдық берілмек. Бұл орайда, қоғамдық кеңестердің рөлі маңызды. Енді олар шалғайдағы елді-мекенде де қабылдаулар өткізуді жоспарлауда. Демек партия билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналмақ. Бұл  белсенді жастарға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. 

Медет ЖОРАБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

30 жылдан астам тарихы бар еліміздің әрі қарай дамуы жолында жаңа реформаларға сай іс-қимыл әрекет жасау үшін партияның жаңа буындарын қалыптастыру мақсатында жаңа атау, ол аманат деп бізге артылған негізгі үміттің бір іспеті секілді. Алдағы уақытта осы партияның жаңа реформалары мен жұмыстарын жүргізу барысында жастар  аянбай еңбек етуге дайынбыз.
 
Саяси ұйымның атауын өзгерту, партия жұмысын жаңғыртудың бастамасы іспетті. Осы орайда, мемлекет басшысы жас депутаттар корпусын жандандырып, партияны мықты саясаткерлерді дайындайтын ұстанаха айналдыру керек екенін баса айттқан еді.

М. Тоқтасынқызы