$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» барлық реформаға ұйытқы болу тиіс, - Е.Естек

AstanaTV
03.03.2022ж. 20:00
1142
«AMANAT» барлық реформаға ұйытқы болу тиіс, - Е.Естек

Бұқара «AMANAT» партиясына көмек сұрап қана емес, ұсыныстарымен де келе алады. Жаңа бетбұрысқа ден қойған саяси ұйым барлық реформаға ұйытқы болуының алғы шартын бастап кетті. Заман ағымы мен қоғам талабына сай партияның өзгеруі – заңдылық. «Асыл Қазына» серіктестігінің бас директоры Ерқанат Естектің Съезден түйгені осы. Партия мүшесі саяси ұйымның жаңа атауын таңдауға ат салысыпты. Ендігі мақсат – пікір алуандығына ден қоятын, халық үніне құлақ асатын партия қалыптастыру,- дейді.

Ерқанат ЕСТЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР:

Халық келген кезде тек көмек сұрап келетін. Ал қазір тек қана көмек сұрау емес, қазір өздерінің ұсыныс-пікірлерімен де келуге болады. Айтсын. Біз талқылауға дайынбыз деген мәселе. Және де бұл сервистік қабылдау бөліміне ауысуымыз керек, қағаздан электронды жүйеге ауысуымыз керек деген сөз. Осы мәселе маған өте бір қатты ұнады.

А. Съезбек