Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты "AMANAT" партиясының съезінің қорытындысы талқыланды

AstanaTV
03.03.2022ж. 20:00
1244
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты "AMANAT" партиясының съезінің қорытындысы талқыланды

Өзгерістер партияға жаңа серпін береді. Бұл туралы бүгін елорданың қалалық  партия активі бас қосқан жиында айтылды. Қалалық мәслихат депутаттары, қызметкерлердің рейтингін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ал бастауыш партия ұйымдарының өкілдері "жергілікті жерлерде" кадрларды күшейту туралы шешімді жоғары бағалады. Басқосуда жиналғандар партияның жұмысын жетілдіру үшін бірқатар тапсырмаларды пысықтап алды. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің пікірінше, айтылған бастамалардың барлығы партияның дамуына серпін береді. Әрі қала тұрғындарының өткір әлеуметтік мәселелерін шешу алаңына айналатынына сенім білдірді.

Болат ОМАРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Съезде айталған жаңа өзгерістерді өмірімізге енгізу үшін өте үлкен қадамдар жасалатынына сенемін. Бұл ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, елге, кәсіпкерлерге көмек көрсетуге бағытталады. Халқымыздың тұрмысын жақсарту басты міндет.

Б. Сатуов