Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елімізде көктемгі су тасқынына дайындық басталды

AstanaTV
04.03.2022ж. 20:00
1067
Елімізде көктемгі су тасқынына дайындық басталды

Су тасу қаупі жоғары аймақтың бірі-Қарағанды. Қазір бұл өңірде де тасқынның алдын алу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Құтқарушылар өзен- көлдердің іргесіндегі ауыл тұрғындарын апаттан құтқаруға және селдің бетін қайтаруға арналған  оқу- жаттығуларды пысықтауда.  

Үрлемелі қайыққа мінген төтенше жағдай қызметкерлері Садовое ауылында топан суда қалып қойған тұрғынды құтқарды.   Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылардың тағы бір тобы мұзды жарып, судың ағысын реттеуге тырысуда

Бұл оқу-жаттығулардың дәл осы ауылда өткізілуі тегін емес.  Садовое елдімекені  Нұра өзенінің  жағасында орналасқан.  Тұрғын үйлер мен су айдынының арасын бір ғана бөгет бөліп тұр.  

Болатбек ҚАҺАР, САДОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауа райы биыл қыс жақсы болды. Қар аз болды, боран аз болды. Жылда енді қар мол болатын. Биыл  кішкене аздау су келіп қалмайтын шығар деп отырмыз. Кім біледі енді сенім жоқ қой табиғаттың несіне.


Синоиптиктер осы аптаның соңынан бастап күн күрт жылынады дейді.   Қардың көбесі сөгілсе, 158 елдімекенге судан келер қауіп бар.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Қар аз болса да тығыздығы көп. Сосын кейбір мынау Шерубай өзенінің бойында жаңағы жердің бетінде қатқан мұз байқалады. Бірақ дегенмен біз облыс бойынша басқару органдары біздің күштеріміз дайын.


Су тасқынының алдын алу үшін аймақтық штаб құрылды.  Су басу қаупі бар елдімекендер ерекше бақылауға алынған. Сондай-ақ, ауыл-аймақтарды  қардан тазарту  жұмыстары да  қарқынды жүріп жатыр.  Осы уақытқа дейін 523 мың текше метр қар шығарылған.  

А. Қуаш