Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Солтүстік Қазақстан облысында 85 елдімекенді су басу қаупі бар

AstanaTV
04.03.2022ж. 20:00
1100
Солтүстік Қазақстан облысында 85 елдімекенді су басу қаупі бар

Солтүстік Қазақстан облысында 85 елдімекенді су басу қаупі бар. Құтқарушылар  1800-ден астам үйді бақылауға алды. Биыл аймақта қар жылдағыдан екі есе аз жауған.  Сергеев су қоймасы  78 процентке ғана толық. Бірақ соған қарамастан, қам-қарекетсіз отыруға болмайды дейді мамандар. Айтуынша, күн жылынған сайын жағдай өзгеруі мүмкін. Сондықтан Есіл өзенінің бойындағы, су басу қаупі жоғары ауылдар  ерекше бақылауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Рамиль КАМАЛОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сілеті өзеніндегі су қоймасында судың көлемі былтырғыдан қарағанда 15 пайызға кем. Бірақ ол төменде орналасқан 2 ауылға Қаратал мен Қулыкөлге қауіп төндіріп тұр. Бұл елдімекендердің жан-жағынан  тағы бөгеттер салынды.


А. Құрманкин