Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

"Болашақ" бағдарламасына үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1517
"Болашақ" бағдарламасына үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді

"Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға бөлінетін грант саны 60%-ға өседі. Сондай-ақ,   техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Енді 5 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі  қарастырылған.  Ауылдық жерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан екі жылға қысқарту жоспарда бар.    Енді инженерлік-техникалық мамандықтарға  басымдық беріледі. Бұл орайда «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жеңілдетілген санаты енгізілуі мүмкін.  «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар  шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған  тізімнен оқу орнын таңдай алады. Айта кетейік, осыған дейін техникалық  мамандықтарға бөлінген грант үлесі-36 процент болды.  

Әнуар ЖАНҒОЗИН, "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
   
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес осы көрсеткішті 60% ға дейін көтеруді көздеп отырмыз. Біріншіден, сондықтан бірнеше өзгерістерді енгізуді бастадық. Бірінші өзгеріс осындай инженерлік техникалық  мамандар енді жеке арнайы квотаға кіретін болады.