Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қыз-келіншектердің спорттағы жетістіктері аз емес

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1838
Қыз-келіншектердің спорттағы жетістіктері аз емес

Қыз-келіншектердің спорттағы жетістіктері де аз емес. Әлемдік аренада   еліміздің атын шығарып жүрген спортшы қыздарымыз жетерлік. Алғаш рет   1996 жылы  Атланта олимпиадасына тәуелсіз Қазақстанның атынан   қатысқан  96  спортшының  25 проценті әйел болды. Ал қазір спорттың барлық  саласында нәзік жандылар бар.  

Жүзуден елімізде тұңғыш рет паралимпиалық ойындардың жеңімпазы атанған Зульфия Габидуллина- Жамбылдағы жалғыз абсолюттік чемпион. Ол 14 дүркін Әлем рекордын жаңартқан. Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Зульфия 5 жасында жол апатына түскен. Омыртқасы мен бас сүйегіне зақым келген. Бірақ ол қайсар қызды мұқалтқан жоқ. Зульфия кәсіби түрде жүзумен айналысты.
 
Зульфия ГАБИДУЛЛИНА, ЖҮЗУДЕН XV ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
 
Я благодарна своему народу. Я люблю свой народ. Я люблю свой Казахстан. Я знала, что люблю Казахстан. Но не до такой степени. Но когда поднимался флаг Казахстана, играл Гимн, я поняла, что я патриот своей родины. Никуда не хочу. Я хочу у нас в Казахстане. Я только буду тута. Я поняла, что люблю свою страну, представляете? Надо было выиграть чтобы понять, что я действительно люблю свою страну.

 
Ал 12 жасында спортқа келген Гузалия Гафурова қазір Каратэ-додан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс жекпе-жегінің шыңына шыққан шебер тұрмыс құрып, ана атанса да спорттан алыстаған емес. Осының арқасында ол каратэ-додан Қазақстанды 5 рет, төрт жылда бір болатын Азия ойындарын 2 рет бағындырып, Әлемнің 3 дүркін чемпионы атанды.
 
Гузалия ГАФУРОВА, КАРАТЭ-ДОДАН ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:
 
Өмірде спорта барлық жеткен жетістіктерім үшін Аллаға шүкір, анама, папама, туыстарым, ата-енеме, күйеуіме. Ал, споттық жетістіктерге келетін болсақ әрине мен жаттықтырушыларым, бүкіл қазақ халқына айтар алғысым шексіз.  

 
Жамбыл облысында 30 мыңға жуық  спортшы болса, соның 4 мыңға жуығы- нәзік жанды. Егемендік алғалы  56 спортшы қыз түрлі халықаралық додаларда топ жарған.  

Б. Жұмабайұлы