«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті. Бүлінген нысандарды аралап, кәсіпкерлердің мәселесін тыңдады. Асхат Ораловтың айтуынша, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ғимараттарды қалпына келтіру және келген шығынды өтеуге байланысты жұмыстар жүріп жатыр. 1 мыңнан астам кәсіпкерге 4 млрд теңгеге жуық қаражат берілген. Оның айтуынша, қазір елімізде халықтың 40%-ға жуығына жұмыс беріп отырған 1,4 миллионнан астам кәсіпкер бар. Атқарушы хатшы Алматыда 200 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны бар екенін атап өтті. "Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту - «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі" деді.
Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Вы знаете, Президент поручил разобраться, с республиканского бюджета уже средства выделены. В Алматы у нас больше 200 тысяч субъектов МСБ, из них 1413 пострадали. На сегодняшний 1009 уже одобрены заявки, выплаты прошли. Сейчас до 10 марта буквально вот по информации местного исполнительного органа, еще 200 заявок в процессе работы. Наша партия будет контролировать этот вопрос, есть четкое поручение Президента, Председателя партии держать вопрос на контроле и не затягивать процедуры.
Асхат Оралов партия жастар қанатының белсенділерімен де кездесті. Жасотандықтарды бұрынғыдан да белсенді жұмыс істеуге шақырды. Жергілікті жерлерде жастар мәселесін көтеріп, топтастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қазір партия жастардың өзекті мәселелеріне кешенді сараптау жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша жаңа бағдарлама әзірленбек.
Ә. Лесбек