Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жастар арасында жиі кездесетін проблемалар арнайы кездесуде қозғалды

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1923
Жастар арасында жиі кездесетін проблемалар арнайы кездесуде қозғалды

Бүгінде рухани құндылықтар құлдырап барады.  Бұл туралы жастар арасындағы жиі кездесетін проблемаларды ортаға салған арнайы кездесуде қозғалды. Басқосуда жастар арасындағы суицид, жалғыздық, нашақорлық, отбасылық проблемалар сияқты көптеген әлеуметтік мәселелерден шығу жолдары қаралды. "Бақытты өмірдің кілті - өзін-өзі ұстау" деген тақырыпта трениг өтті. Оған келгендердің  бірі Әмір. Ол нашақорлыққа тәуелді болған.  Қазір ем қабылдап жүр. Ал психологтардың айтуынша, мұндай мәселелермен күресу өте күрделі.

Әмір:

Осыдан бірнеше жыл бұрын есірткіге тәуелді болдым. Бірақ сол уақытта достарым, психологқа баруға кеңес берді. Бірден тастадым дей алмаймын, бірте-бірте, спортқа жазылдым, жұмысқа орналастым, қазір бәрі жақсы, бәрінен бас тарттым.


Александр РУЩАК, ПСИХОЛОГ:

Мәселе ауқымды. Адам 3-4 айда синтетикалық есірткі пайдаланса, тәуелді болып қалады. Одан соң одан құтылу үшін бірнеше жыл керек. Барлық мәселе отбасында болуы мүмкін. Оның туған-туысымен сөйлесеміз. Жылдап болсын емдеп шығаруға тырысамыз.

Ә. Дүкембаева