Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

СҚО Донецкое ауылының екі тұрғыны белгісіз жағдайда көз жұмды

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
908
СҚО Донецкое ауылының екі тұрғыны белгісіз жағдайда көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы Донецкое ауылының екі тұрғыны белгісіз жағдайда көз жұмды. 54 жастағы әйел мен оның 27 жастағы баласын бірнеше күннен бері көрмеген соң көршілері, іздеп  келіп, олардың мәйітін тапқан. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының болжауынша, отбасы мүшелеріне иіс тиген болуы мүмкін.  Қазір сот-медициналық сараптама жасалып жатыр.  
 
Дмитрий РАСТИХИН, СҚО ТЖД ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көршілер оларды бірнеше күннен бері көрмегендерін айтты.  Марқұмдардың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ.  Газдан уланған болуы мүмкін. Анығын сараптама қорытындысы шыққан соң білеміз.

А. Құрманкин