$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Петропавлда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған бес жігіт сотталды

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
1059
Петропавлда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған бес жігіт сотталды

Петропавлда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған бес жігіт  сотталды.  Оларды кінәлі деп тапқан сот 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған қоса,  сотталушылар  қызға моральдық өтемақы  төлейді.

Сергей ВИКТОРЕНКО, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


ҚР қылмыстық кодексінің 120 және 121 бабына сәйкес қылмысқа жол берген 5 азамат 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Оның екеуі кәмелет жасқа толмағандықтан 10 жылға сотталады. Сондай-ақ, сот жәбірленушінің 10 миллион теңге көлеміндегі өтемақысын толық қанағаттандырды.


Оқиға былтыр  Петропавлдан 20 шақырым жердегі “Березовая роща” демалыс орнында болған. Ішімдік ішкен бес жігіт 17 жасар қызды жабылып зорлаған. Полицейлерге қылмыс жайында жәбірленушінің анасы хабарлаған болатын. Сот тараптардың келісімі бойынша жабық түрде өтті.   

А. Құрманкин