Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз» - С. Лавров

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
898
«Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз» - С. Лавров

«Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз». Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен өткен келіссөздер қорытындысынан кейін, осылай мәлімдеді. Дипломаттың сөзінше, Ресей Украинаға әскери қысым көрсетуді жөн көрмейді. Керісінше, олар Украинаны қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға дайын бейтарап мемлекет ретінде көргісі келеді», деді.

Сергей ЛАВРОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Әрине, біз Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз. НАТО-ны кеңейтпеуін талап ете отырып, біз еуропалық елдердің қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге Украина мемлекетінің қауіпсіздігін талқылауға дайынбыз. Әрине,бұл Ресейдің қауіпсіздігі үшін де маңызды қадам.

Сондай-ақ, Ресей бұдан былай батыстық компанияларға тәуелді болмайтынын айтты. Мұнай мен газды сатып алуға көндірмейтіндерін де жеткізді. Өзге де серіктестер жетерлік деп қосты. Ал, Украина тарапы бұл жолғы келіссөзді - «қиын» деп  бағалады.

Дмитрий КУЛЕБА, УКРАИНАНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз ең өзекті гуманитарлық мәселелерді шешу үшін 24 сағаттық атысты тоқтату мәселесін талқыладық. Біз бұл мәселеде ілгерілеушілікке қол жеткізген жоқпыз, өйткені Ресейде бұл мәселе бойынша басқа адамдар шешім қабылдап жатқан сияқты.

Еске салсақ, келіссөздер Түркияның Анталия қаласында дипломатиялық форум аясында өтті. Ол бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Бейресми бұл кездесу Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы басталғалы алғашқы жоғары деңгейде өткен кездесу болды.

Л. Қуанышқызы