Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Украинада соғыс жағдайында дүниеге келген қазақстандық сәби елге жеткізілді

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
848
Украинада соғыс жағдайында дүниеге келген қазақстандық сәби елге жеткізілді

Қазақстанға Батыр келді. Ол -төртінші рейспен Украинадан ұшып келген ең кішкентай отандасымыз. Дүние есігін ашқанына   10-ақ күн болған. Яғни ол соғыстың төртінші күні туды. Әкесінің айтуынша, отбасы бұл сәбиді сегіз жыл күткен.  Елдегі жағдайдың үрейлі болуына байланысты 2 тәулік бойы көз ілмедік дейді.  Жас отбасының ендігі жоспары- Алматыдағы ата-анасымен қауышу. 2020 жылдан бері жұмыс барысымен Украинада тұрып жатқан олар жағдай тұрақталса, қайта сонда кетуге дайын екендерін айтады.

Бауыржан ИГІЛІКОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Келісімшарт Киевтің "ADONIS" деген клиникасымен болған. Бірақ, ол жерде біз телефон соққанымызда, олар басқа жаққа барыңыздар бізде бомбалау шабуылы болады дегеннен кейін біз кетіп қалдық. Босанғаннан кейін ертесі күні сол клиникаға "ADONIS" деген ракета тиген екен.


Төртінші ұшақпен елге 155 адам жеткізілді. Оның 7-і -бала. Келгендердің айтуынша,  қазір ол жақта жағдай ушығып тұр. Елге жету үшін бір күндік жолды 3 күн жүріп өткенін айтады. Бас сауғалап,  жан-жаққа қашып жатқан  адам көп , дейді. Соның салдарынан жолда ұзын-сонар кептеліс пайда болған,  блок-бекеттермен өту оңай болмағанын айтады. Олардың ел Үкіметі мен елшілік қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз.

Рүстем ВАЛИАХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Үйдің маңайындағы паркинг бар ғой жер асты сонда тығылуға тура келді. Тығылу жағдайына келтірілмеген, ол жер салқын. Былай айтқанда жағдай жоқ, балаларға ұйықтауға деген сияқты. Бірталай қиын болды ұйқысыз түндер өтті.

Расул ТАБАКИЛОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Үкіметке көп рақмет, уақытында бәрімізді шақырып, бәрімізге қоңырау шалып, кім Қазақстанға қайтқысы келеді. Ешқандай қиыншылық болмасын деп бәрімізді эвакуация жасап алып келді.

А. Данияр