$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Украинадан келген отбасы балаларын білім мекемелеріне орналастыруды сұрайды

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
1043
Украинадан келген отбасы балаларын білім мекемелеріне орналастыруды сұрайды

Қазақстандық Айгерім Қожамұратова бір апта бұрын қақтығыс болып жатқан Киев қаласынан Қарағандыдағы төркінін паналап келген. 3 және 7 жасар екі баласын балабақша мен мектепке бергісі келеді. Көмек сұраған отбасына «AMANAT» партиясы қолдау көрсетіп  жатыр.

Айгерім Қожамұратова -Украинадағы елшіліктің қолдауымен Қазақстанға оралған қазақтардың бірі. Бүлдіршіндерінің амандығы үшін Киевтегі үйін тастап осында келген. Ал жолдасы-Украина азаматы, өз елінде қалған.  

Айгерім ҚОЖАМҰРАТОВА:
 
Жарылыстар естіліп жатты. Өте қорқынышты, ол өте қорқынышты. Сөздермен оны жеткізе алу қиын. Сондықтан біз не істерімізді білмей жолдасым украиндық болғандықтан оны елден шығармады, ол сонда қалды. Көп адамдар бункерлерде, подвалдарда, подземный паркинг, метроларда тығылып жатыр. Алғысымызды айтқымыз келеді қазақ елшілігіне.Өзінің азаматтарын тастамай алып шығып біз жайлы ойлап бәрін ойластырғанына.

Айгерім Қожамұратова- ІТ саласында ағылшын тілін еркін меңгерген маман.  Жағдай тұрақталғанша жұмысқа орналаспақшы. Ол үшін екі баласын балабақша мен мектепке беру керек.   

Нұргүл ТӘЖІБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САРАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
 
Бір баласын мектепке орналастырамыз бірінші класқа, 3 жасар баласын мамасы біздің қазақстанның азаматы болғаннан кейін заң бойынша балабақшаға барады. Қай жерде болса да бізге партияға келіп, көмек сұраса партия көмекті көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп шешуге тырысамыз.

Лейла НАСЫРОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ САРАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 
Ұл бала әжесінің үйінің жанындағы орыс тілді мектепке орналасады. Оқулықтар тегін, бала тегін тамақтанады және тегін үйірмелерге барады.   

Қазір мамандар 3 жасар Арияны балабақшаға кезекке қою үшін шетел азаматының ЖСН нөмірін алып беруге тырысып жатыр. Құжаттар дайын болған соң балақай анасының қалауымен қазақ тобына барады.

А. Қуаш