$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төленіп жатыр

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
744
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төленіп жатыр

Қаңтардағы қақтығыста зардап шеккен  1400-ге жуық бизнес субъектісінің  шығыны толық өтелді. Бұл туралы бүгін қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қатысуымен өткен жиында айтылды. Кәсіпкерлердің өтініштері  толық қаралған.  

Еркебұлан ОРАЗАЛИН, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Инфо Қазақстан электрондық платформасына 1188 кәсіпкерден барлығы 1355 өтініш келіп түсті. Өңірлік комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша 5 млрд 286 жарым млн теңге сомасындағы 1139 өтініш мақұлданған болатын. Қалған 216 өтініш пысықталу үшін жолданды.

Өңірлік комиссия өкілдерінің айтуынша, кейбір өтініштер бойынша құжаттар толық емес. Ал өтемақы мөлшерімен келіспеген кәсіпкерлердің мәселесі сот сараптамасына жіберілген. Комиссия  бүлінген бизнес нысандарын жедел қалыпқа келтіру үшін арнайы штаб құрған.

Ә. Лесбек