Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстандағы саяси партия өкілдері «Жаңа Қазақстанды» құрудың алғышарттарын талқылады

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
754
Қазақстандағы саяси партия өкілдері «Жаңа Қазақстанды» құрудың алғышарттарын талқылады

Қазақстандағы саяси партия өкілдері «Жаңа Қазақстанды» құрудың алғышарттарын талқылады. «Ұрпаққа AMANAT» атты дискуссияға жиналғандар  елдегі әлеуметтік-саяси ахуалға баға берді. Сарапшылардың пікірінше, «AMANAT» партиясы бастаған жаңғыру қалыптасқан саяси жүйеге тың серпін береді.  

"Қазақстанға әлеуметтік жаңғыру керек. Сайлау жүйесінде либералистік көзқарас қалыптастыру маңызды".  Мәжіліс  депутаты Ерлан Саиров осылай дейді. Депутаттың айтуынша, жаңа тіркелуші партияларға қойылатын түрлі шектеулер мен қиын талаптарды алып тастаған жөн. Ашық бәсеке ғана көппартиялы, демократиялы қоғамға жол ашады дейді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда біздің 170 млрд доллар ішкі жалпы өнімімізбен Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 50-60 млрд доллар болу керек жылына. Ал бізде бұл 29 млрд. Яғни, оның жартысы жоқ қой? Ол қайда деген сұрақ туады. Бізге осындай сұрақтарға жауап беріп, ананы табу керек. Сол кезде еліміздегі көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шеше аламыз.

Халықаралық саяси шиеленісте ел бірлігін сақтау - басты мақсат. «Қаңтар оқиғасы» қайталанбасын десек, тізе біріктіріп, ішкі проблемаларды шешу керек.  Қазір елімізде  1 млн. адамның  табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Үкіметтің құрамын жаңартудан бастаған билік енді осындай әлеуметтік мәселелерді ұтымды шешуге ұмтылуы тиіс, -дейді жиналғандар.

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл жерде партияаралық күрес бір бәсеке емес, бұл жерде қазіргі геополитикалық жағдайда партиялар бірге жұмылып, мемлекеттің мүддесі үшін,яғни, Қазақстан ұлты үшін жұмыс істеуді жөн көріп отырмыз.

Мамандар халықтың сенімін нығайту үшін сот институттарына реформа керек дейді. Өйткені азаматтардан түсетін арыз-шағымның 60 проценті  сот  шешімдеріне қатысты. Гуманизмді ту еткен әділетті инстутит қана тыныштыққа кепіл бола алады дейді сарапшылар.  

А. Съезбек