Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Футболдың арты төбелеске ұласты, қаза тапқандар бар

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
827
Футболдың арты төбелеске ұласты, қаза тапқандар бар

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай жаңалықтарың бар?

Кеш жарық! Қазақстан жеңіл атлетикасында «ерекше» өзгеріс болды. Осы және өзге де ақпараттар сәлден соң.

Ойынның арты төбелеске ұласты. Футболдан Мексика чемпионатында "Атласпен" матч кезінде "Керетаро" фанаттары шу шығарды. Олар трибунада орындықтар мен қоршауды жұлып алып қару ретінде пайдаланған. Тіпті, алаң жиегіндегі  VAR құрылғысының тас-талқанын шығарған. Аяқ доп шеберлерінің кездесуін тамашалауға келген балаларға да қоқан-лоқы көрсеткен деген мәлімет бар. Ресми мәлімет бойынша, қырғын кезінде 26 адам зардап шеккен. Қазір олардың екеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Кейбір ақпарат көздері бірнеше адамның мерт болғаны туралы да жариялады. Осы оқиғадан кейін кінәлілер жазаланып, өмір бойы футболды стадионнан тамашалау мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ, бірнеше шенді мен полиция өкілдері қызметінен қуылған.

Төрт бірдей кениялық жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды. Енді Нора, Дейзи, Шадрак және Кэролайн есімді спортшылар халықаралық турнирлерде ел намысын қорғамақ. Төрт атлет  те бұған дейін әлем чемпионаттары мен түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрінген. Десе де, әу баста Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы олардың азаматтығын ауыстыруға рұқсат бермеген болатын.

Сауль Альварес пен Дмитрий Бивол жекпе-жегі өтпеуі мүмкін. Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко ұйымдастырушылардан «Канелоның» қарсыласын Америкаға  кіргізбеуін сұрады. Бұл туралы Vesti.kz ақпараттық-спорт порталы хабарлады. Бұл жекелеген спортшыға қатысты емес, дейді. Сөзінше, барлық ресейлік атлеттерге санкция салу керегін  айтқан. Қос былғары қолғап шебері 7 мамыр күні Лас-Вегастың шаршы алаңында жұдырықтасады деп жоспарланған еді.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты жаңалықтарын  бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр