Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Екі адамның өмірін қиған апатқа жол тазалаушы мердігер жауапқа тартылады – БҚО ПД

AstanaTV
11.03.2022ж. 20:00
1650
Екі адамның өмірін қиған апатқа жол тазалаушы мердігер жауапқа тартылады – БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысындағы екі адамның өмірін қиған апат үшін  жол тазалаушы мердігерлер  жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Қайғылы жағдай Самара-Шымкент тас жолында болған. Бетпе-бет соқтығысқан екі жүк көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды.   Ауыр техниканың арт жағынан тағы бір басқа   жеңіл көлік келіп соғылады. Ондағы үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.  

Мирхат ӘЖЕНОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:

Апатқа көктайғақ жол себеп болуы мүмкін. Боран болып, жолдың бетіне мұз қатқан. Егер жол тазалаушы мердігерлердің осыған қатысы барын анықтасақ, оларды да жауапқа тартамыз. Өйткені біз оларға жолды таза ұстауын үнемі ескертеміз. Бірақ ауа райы қолайсыз болады әлде тазалап үлгірмейді. Қазір осы аумаққа жауапты жол қызметі тексеріліп жатыр.

Е. Карин