Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Екі елордалық әйелді түлкі тістеген

AstanaTV
11.03.2022ж. 20:00
1417
Екі елордалық әйелді түлкі тістеген

Елорданы еркін кезген түлкілер екі әйелді аяғынан тістеп алды. Жауапты министрліктің мәліметінше, бас қала көшелерінде  түлкілер жүр деген ақпаратты  Есіл ауданы полициясының учаскелік инспекторы хабарлаған.  Ал, мамандар аталған аумақты тексеріп, аралап шыққанымен түлкі табылмаған. Қазір комитетке қарасты ведомствалық ұйымдардың күшімен қалада арнайы патрульдер  ұйымдастырылған. Егер кімде-кім  жабайы жануарларды көрсе,  оған жақындамай, бірден министрлікке хабарласуды сұраймыз,дейді мамандар.

Мақсат НАСЫР, ҚР ЭГТРМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  


Есіл аудандық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторына Нұр-Сұлтан қаласы орталығында түлкі жүр деген ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты Ақмола облысы Орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары қалада тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде түлкі анықталған жоқ.

Л. Қуанышқызы