Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Air Astana" әуекомпаниясы Ресейге ұшатын барлық рейстерін тоқтатты

"Air Astana" әуекомпаниясы Ресейге ұшатын барлық рейстерін тоқтатты

"Air Astana" әуе компаниясы Ресейге ұшатын барлық рейстерін тоқтатты. Бұл ақпаратты баспасөз қызметі  растады. Рейстерді тезірек қалпына келтіру үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр дейді. Айтуынша, қазір Қазақстан үкіметімен осы мәселелерді шұғыл түрде шешу жайы қарастырылуда.

Тілек ӘБДІРАҚЫМОВ, «AIR ASTANA» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

"Air Astana" Ресей Федерациясына және соның аумағы үстінен өтетін барлық коммерциялық рейстерге сақтандыру төлемінің қайтарып алуына байланысты осы елге барлық рейсті тоқтатты. Орындалмайтын рейстердің жолаушылары билет құнын толық қайтару үшін билет сатып алған жеріне хабарласуы тиіс.


Ал "SCAT" әуекомпаниясы керісінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстердің санын көбейтпек. Яғни аптасына қосымша 7 рейс ашылады. Азаматтық авиация комитетінің өкілі  "Air Astana" әуекомпаниясынан билет алып ұшпай қалған азаматтардан сайтта көрсетілген жедел желі номерлеріне хабарласу керегін айтты.

Салтанат ТОМПИЕВА, ҚР ИИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


"SCAT" әуекомпаниясы бұл мәселені шешті. 15 наурыздан бастап жедел рейстердің санын арттырды.

А. Данияр