Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Украинаға Таяу Шығыстан 16 мың ерікті тартылуы мүмкін

AstanaTV
11.03.2022ж. 20:00
1481
Украинаға Таяу Шығыстан 16 мың ерікті тартылуы мүмкін

Украинадан  қашқандардың саны 2 миллионға жетті. Бұл -БҰҰ-ның мәліметі. Ал, Ресейде батыстық белгілі брендтер шетінен жұмысын тоқтатып жатыр. Жергілікті халық киім-кешекті қайдан аларын білмей сабылып жүр. {КСМ }Reuters-тің ақпаратынша, бір апта ішінде ресейлік тарап 250 миллион доллар шығынға батқан. Ал, 1 тәулікте 40 мыңға жуық адам гуманитарлық дәліз арқылы қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ, Украинаға таяу шығыстан 16 мың ерікті көмекке келуі мүмкін. Осы ретте Ресей Президенті Путин еріктілерге қарсы емес екенін жеткізді.   

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Егер Донбасста тұратындарға ақылы емес, ерікті түрде келіп көмектескісі келетіндер бар болса, мархабат. Ендеше, оларға жол ашып, әскери іс-қимылдар аймағына өтуге көмектесу керек деп ойлаймын.

Америкалық Сенат Украинаға көмек ретінде 13 миллиард доллар бөлінуін қолдады. ЕуроОдақ та қолдау көрсетуге уәде еткенімен, мемлекетті өз қатарына қосуға асықпайды. Ал, Украинадағы жағдай мәз емес. Әскери іс-қимылдың кері әсері кейбір ауылдарға жетпеген. Алайда, ашығып, азып-тозған халық әбден қажыған. Оларға гуманитарлық көмек жіберілуде.   

Владимир  ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Мариуполь мен Волноваха толық бұғатталды. Біз гуманитарлық дәліздер өз жұмысын істеуі үшін қолдан келгенін жасағанымызбен, ресейлік әскер оқ жаудыруын тоқтатқан жоқ. Мен бұған қарамастан,Мариупольге азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тиеген жүк көліктерін жіберуді шештім.

Л. Қуанышқызы