Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Заңсыз майнинг фермаларда, елге танымал адамдардың үлесі болған, - Агентік

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1043
Заңсыз майнинг фермаларда, елге танымал адамдардың үлесі болған, - Агентік

Ел ішінде заңсыз жұмыс істеген 51 майнингтік ферманың жолы кесілді. Тағы 55 майнинг ферма қызметін өз еркімен тоқтатқан. Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан ақпаратына сай, олардың қатарында елге танымал адамдардың үлестес фермалар болған.  

ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ:

Қызметін тоқтатқан майнингтік компаниялар арасында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев пен Александр Клебановқа қарасты фермалар бар. Сондай-ақ, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының Ақтөбе облысы бойынша экс-төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен Қарағанды облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулин болды.    

Заңсыз қызметінің жолы кесілгендер, негізінен өздері туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылған. Сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарыпты. Бұл - саладағы заңсыз қызметтері елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін белгілі бір тәуекелдердің пайда болуына әкелді. Яғни қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізуде іркілістер мен тапшылық арта бастады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізді. Тексеріс кезінде майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен контрабандалық тәсілмен жеткізілгені анықталған. Барлығы 25 қылмыстық істі тіркеп, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдықты тәркіледі.

Т. Оспанбаева