Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда қоғамдық көліктерке суық қарумен кірген кім?

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1228
Алматыда қоғамдық көліктерке суық қарумен кірген кім?

Алматыда қоғамдық көліктердің біріне пышақпен мінген жолаушы кім? Оның көздегені не? Бұл сұрақтарға полиция жауап бере алмады. Олар бұзақыны іздестіріп жатқандарын хабарлады. Келеңсіздікті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған.

Куәгерлердің айтуынша, даудың басы телефон ұрлығынан басталған. Ұялы телефонын жоғалтқан әйел, оны осы ер адамнан көреді. Сол сәтте азамат қалтасынан пышақ шығарып келіншекке ұмтыла жөнеліпті. Әйелге шабуыл жасап, жолаушыларға сес көрсетеді. Полиция жағдайға қатысты тексеруді бастаған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полицияға ресми арызбен ешкім шағымданбаса да қазіргі таңда криминалдық Полиция қызметкерлері аталған деректі тексеруге кірісті.

 
Ә. Лесбек