Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбыл облысында соңғы бес күннің ішінде 400-ден астам түрлі оқ табылды

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1362
Жамбыл облысында соңғы бес күннің ішінде 400-ден астам түрлі оқ табылды

Жамбыл облысында соңғы бес күннің ішінде 400-ден астам түрлі оқ табылды. Тағы 10 қару тәркіленді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында "Қаңтар оқиғасы" кезінде қолды болған қарулардан бөлек, заңсыз сақталып келген атыс қаруларын анықтаған. 4 дана  "Калашников" автомат,  2 "Макаров" маркалы тапанша, 3 аңшылық қару, 1 ойық мылтық алынды. Сонымен қатар тағы әртүрлі калибрлі 400-ден астам патрон да табылды. Бұл қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция тұрғындарға үндеу жасады. Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, хабарлауды сұрайды. Хабарлама тастаған адамның атын-жөнін жарияламауға кепілдік беріледі деді.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны туралы еске салады.


Б. Жұмабайұлы