Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мемлекет басшысы Парламенттегі депутаттар саны азаятынын айтты

AstanaTV
16.03.2022ж. 20:00
1210
Мемлекет басшысы Парламенттегі депутаттар саны азаятынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сенаттағы президенттік квотаны қысқарту туралы шешім қабылдадым».

Парламенттегі депутаттардың саны азаяды. Бұл туралы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, бүгінгі Жолдауында мәлімдеді.  Президент Сенатты қалыптастыру және бірқатар қызметін қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. Қазір жоғары палата 49 сенатор бар. Оның 2-уі өңірден сайланады. 15-ін Президент тағайындайтын. Енді соңғысының саны 15-тен 10-ға дейін азаймақ. Ал Мәжіліс депутаттарының саны 9-дан 5-ке дейін қысқармақ. Депутаттар өзгерісті оң қабылдады. Әрі жауапкершіліктің артатынын жақсы түсінеді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мәжілістің реформалар туралы айтқаны қатты ұнады. Оның ішінде республикалық бюджеттің орындалуын, сонымен қатар оның тиянақты жүзеге асырлуына, жауапкершілігімізді арттыратынымыз туралы мәселесі сол тұсы қатты ұнады.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің депутаттық корпусы жаңа жүйеге көшетінін де айтты. Енді төменгі палатаға сайлау 70 процент пропорционалды, 30-пайызы мажоритарлық негізде өтетін болады. Бұл жаңашылдықты да мемлекет басшысы енгізді. Бұған қатысты саясаттанушы, мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек пікір білдірді.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Суперпрезиденттік модель көптеген тиімсіз пиғылдарға жол ашты өкінішке орай, оны қабылдауымыз керек. Ол мойындалды. Яғни парламенттің күшеюі, сайлау мажоритарлық пропорционалды жүйеге күшеюі депутаттардың тікелей сайлауға мүмкіндік берілуі де ең дұрыс шешім.


Ә. Дүкембаева