Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Бұл Жолдаудың тарихи екенін ерекше атап өткім келеді»-, С. Ниязхожаев

AstanaTV
16.03.2022ж. 20:00
861
«Бұл Жолдаудың тарихи екенін ерекше атап өткім келеді»-, С. Ниязхожаев

Бүгінгі Жолдау тарихи қадамдарға жол ашқан, Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған негізгі құжат. Жолдауды тындаған біздегі Өзбекстан елшісі осылай деді. Дипломат айтылған реформаларды дұрыс, әрі батыл қадамдар деп атап өтті. Ал, Германия елшісі Жолдаудағы "Жаңа Қазақстанды" құрудағы бетбұрыстарды жоғары бағалады.

Саидикрам НИЯЗХОДЖАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Бұл Жолдаудың тарихи екенін ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған және реформаның барлық салаларын қамтиды. Саяси және сайлау жүйесінде, сот-құқықтық жүйеде, ел аймақтарын дамытуда үлкен бір іс болмақ.  Бұл ретте Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында жинақталған және "Жаңа Қазақстанды" – анағұрлым дамыған Қазақстанды құруға бағытталған тәжірбие.

Моника ИВЕРСЕН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Президент сөз басында суперпрезиденттіктен бас тартып, Парламентті күшейтемін деген жері қатты ұнады. Әрі  ең қатты ұнағаны бұл БАҚ өкілдеріне бостандық беруі. Сондай-ақ, президенттің әйелдер  мен балаларға зорлы-зомбылықты да сөз етті.  Біреуін түртіп айта алмаймын, өте көп жаңалықтар болды.

Ә. Дүкембаева