Жолдауда айтылған саяси реформалар жаңашылдықтың баспалдағы. Депутаттардың пікірі осыған саяды. Олар: "Президент партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтату" туралы ұсынысын құптарлық шешім,- дейді. Енді жергілікті әкімдер де қызметке келген кезде партия қатарынан шығуы керек. Депутаттар бұл бастама партиялар арасында бәсекелестікті арттырып, сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады деп отыр.
Қазыбек ИСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Ескі дәуірде кірдік та жаңа дәуірде шықтық. Өйткені, айтылған бүкіл саяси өзгерістер – бұл түбегейлі өзгерістер. Сайлаудың өзін алатын болсақ. Халық айтып жүрді Парламентке сайланған кезде тек партия өкілдері сайланады. Ал халық неге сайланбайды деп. Бүгін сол шешілді.
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Президенттің өзі саяси партияда болмауы туралы. Облыстық және қалалық әкімдіктерді тағайындағаннан кейін партиялардан шығу туралы талаптар өте орынды. Бұл әрине саяси бәсекелестікке, саяси демократияға үлкен кедергі болған. Қазір осы шешім арқылы нақты бәскелестікке, демократияға қадам басуға еш күмәнім жоқ.
Сонымен қатар Конституцияға отыздан астам өзгеріс енгізілетін болды. Қоғам қайраткерлері бұны батыл қадам дейді. Олар да "Жаңа Қазақстанды" құруға бірлесе атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
Конститутциялық құрылым құралады дегеннің өзі үлкен жаңалық болды. Жаңадан азаматтық қоғам құрып жатқан кезде құқықтық жағынан жетілдіруді бір сатысы деп білем. Сондықтан біз Қазақстанды жаңа дейгейде, жаңа кезеңде көргіміз келсе, міне соған жасалып жатқан үлкен баспалдақ.
Аманжол ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Хан алдында қасқайып сөйлеп, би алдында бүгілмей сөйлеп, ақиқатты айту міндеті қашанда қазақ қоғамында ақындардың еншісінде болған. Кешегі Сүйінбайларымыздың, кешегі Маханбеттеріміздің, кешегі қазақ даласындағы от ауызды, орақ тілді ақындар осы ақиқатты бүкпей қоғамның ақиқатын айта білген ғой. Осы міндет қазақ ақындарының иығында.
Т. Әлжанов