Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"AMANAT" партиясы Президент Жолдауын қолдайды

AstanaTV
16.03.2022ж. 20:00
1164
"AMANAT" партиясы Президент Жолдауын қолдайды

Президенттің бүгінгі Жолдауының тұтас бір тармағы партия жүйесіне арналды. Жаңашылдықтарды "AMANAT" партиясы қолдап, атқаратын жұмыстарын айқындап алды. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысының халыққа жолдауын талқылау үшін, барлық өңірмен партия активін өткізді. Онда партия төрағалары өз ойларын ортаға салып, саяси реформаларға қолдау білдірді.

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция арқылы байланысқа шығып, кеңес өткізді. Жиынында саяси реформалардың мән-маңызы сөз болды. Ол Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын AMANAT партиясының мәлімдемесін жариялады.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

"AMANAT" партиясы Қазақстан президентінің жүйелі және кең ауқымды реформаларын толығымен қолдайды. Мемлекет басшысының реформаторлық бағытының аясында "AMANAT" партиясы өзгерістерді өзінен бастап, ішкі тронсфармацияны қолға алды. Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Саяси либерализация және әлеуметтік әділеттілік бұл азаматтардың өтінішіне дер кезінде берілген жауап. Біз барша Қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа, барлық саяси күштерді топтасуға шақырамыз.


Жолдауда партиялар арасындағы бәсекелестік, жаңа партия ашудағы жеңілдіктер, сайлау жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтар айтылды. Бұл өз кезегінде елдегі саяси кеңістікті дамытып, көпполюсті партиялық жүйе қалыптастырары сөзсіз дейді,-партиялықтар.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жалпы мынау парламенттік мемлекетті күшейту, суперпрезиденттік емес енді парламенттік мемлекеттің ролін күшейте отырып партияларды тіркеуге қойылған әртүрлі барьерлердің алынып тасталуы 6 мыңнан 2 мыңға түсуі, 6 жүзден екі жүзге түсуі жергілікті өкілдіктердің , міне осының барлығы алдағы уақытта біздің Қазақстандағы демократиялық жолды таңдайтын көп партиялардың қатарға келуіне жол салады,- деп есептеймін.

Сондай-ақ партиялық жүйені дамыту өз кезегінде бізді шабыттандырады дейді партияның батыстағы өкілдері.

Мұрат МҰҚАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы кезге дейін саяси алаңда бізге конкурент болмады. Сондықтан келген, қосылатын конкуренттер үлкен мүмкіншілік деп есептеймін. Біз ешқандай бәсекелестіктен қорықпаймыз. Біздің күшіміз бірлікте! Біз халықпен біргеміз. Сондықтан Президентіміздің айтқан әр қадамына біз дайынбыз. Ат салысып, елмен бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

Саяси жүйеге өзгерістер енгізетін маңызды құжатта, міндеттер мен мақсаттар айқындалған. "Жаңа Қазақстанды" құру жолында аманаттықтардың да жауапкершілігі артқанын жеткізді.

Жанар БЕКТАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:


Бұл  шешімдер экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешімдер екені айқын. Бұл-кең байтақ жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың тұлғаларымыздың есімдерінің қрпақ санасында жаңғыруға негізгі қадам болды. Сондай-ақ, облысымыздағы инфрақұрылымдардың дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының кеңейуіне тың серпін берері сөзсіз.  Жаңа Қазақстанды құруда партиямызға зор жауапкершіліктер жүктелді.

Жиын соңында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер пысықталып, жүйелі проблемалармен күресудің тиімді тетіктер ұсынылды. Сондай-ақ кезекті саяси бастамалар елді одан әрі дамыту және қоғамдық келісімді нығайту үшін қолға алынатын маңызды қадамдар болатынына сенім артты.

Б. Сатуов