$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Жолдау халық күткен өзгерістерге толы болды,- Г.Шиповских

AstanaTV
16.03.2022ж. 20:00
670
Жолдау халық күткен өзгерістерге толы болды,- Г.Шиповских

Бүгін жарияланған реформалар барлық дерлік саяси институттарға өзгеріс енгізеді. Мәжілісмен Мәди Елюбаев, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деді. Президент реформаларды дайындау мен жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді көбірек тарту керектігін айтты. Енді барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттар қабылданғанға дейін халық арасында ашық талқыланатын болады, деді.

Мәди ЕЛЮБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Сонымен қатар, халықтың үнін есту үшін жаңа саяси институт – «Ұлттық Құрылтай» құрылады. Бұл алаң барлық өңірлердің қоғам қайраткерлеріне орталық деңгейде ел дамуының кең ауқымды мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың еліміздің стратегиялық құжаттарын қалыптастыруға қатысу мүмкіндігіне ие болатынына қуаныштымын.

Ал, депутат Геннадий Шиповских болса, бүгінгі Жолдауды тарихи шешімдерге толы деп бағалады. Халық күткен жаңа өзгерістерге толы екеніне тоқталды.  

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дәлірек айтатын болсақ бұл алдағы уақытта заңнамалық түрде Мемлекет басшының ешқандай туысқандарының мемлекеттік қызметте немесе ұлттық компанияларда басшылық лауазымына отырмауы. Мықты Президенттік билік формуласынан, мықты Парламенттік билік формуласына көшу. Яғни Президенттің кейбір құзіреттерін Парламентке бөліп беру. Президент өзі билік барысында партия мүшесі болмауы.


Т. Оспанбаева




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах