$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"ASHYQ" пен "бетперде тағу" қайтадан міндеттелді

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1093
"ASHYQ" пен "бетперде тағу" қайтадан міндеттелді

Елордада тұмау жұқтыру 3,6 есе көбейген.  Бірақ, олардың арасында СOVID-19-дың оң нәтижесі анықталмаған. Бұл жайында қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабар таратты. Дегенмен қоғамдық орындарда медициналық маска тағып жүру қайта міндеттеліп отыр. Қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы жариялады. Қаулыға сәйкес, тұрғындар далада емін-еркін жүре алады, жабық мекемелерге кіргенде бетперде тағуы тиіс. Сондай-ақ, мекемелер, сауда және қоғамдық орындары Ashyq қосымшасы бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Ә. Дүкембаева