$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Доллардың орташа бағамы 505 теңге болды

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1466
Доллардың орташа бағамы 505 теңге болды

Доллар арзандады. KASE қор нарығында бүгін  1 доллардың орташа бағамы 505 теңге болды. Осылайша, күндізгі валюта саудасының қорытындысы  доллардың 1,39 теңгеге төмендегенін көрсетті. Kurs.kz порталының ақпаратынша, шетел валютасы Нұр-Сұлтан қаласында орташа есеппен  509 теңгемен сатылып жатыр. Ал Алматыда - 508 теңге. Сатып алудың орташа құны екі қалада да - 513 теңге. Сарапшылар теңгенің құны әлі де тұрақтала түседі дейді.

САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
 
Біздің ұлттық банктың және Үкіметтің қабылдаған шараларының нәтижесінде біздің теңге бір тұрақтылыққа жетіп тұрады. 1 доллар 505-510, мүмкін 495  осы айналада. Украина мен Ресейдің арасындағы қақтығыстың бір шешілетін түрі бар. Егер келісетін болса, біздің теңгеміз бұдан да қуаттануы мүмкін.

А. Съезбек