$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
2351
Интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.  Бұл- елімізде анықталған нақты уақыт режимінде жұмыс істеген  алғашқы порностудия көрінеді.  Қылмыстық топтың жетекшісі мен оның жанындағыларды  тінту барысында есірткі заттары тәркіленген.   Түсірілімге түскен қыздардың көбі есірткі пайдаланған дейді полицейлер.

Ұйымдасқан топ  Шымкенттен бөлек Нұр -Сұлтан мен Алматы қалаларында да жалдамалы пәтерлерде өз бизнестерін жүргізген. 18-25 жас шамасындағы  елу қыз шетелдік сайттар арқылы  тәнін жарнамалап, табыс тапқан. Оның екеуі-  кәмелет жасқа толмаған.  Өткен шілдеде анықталған ақпаратты жарты жыл бойы зерттеген полицейлер 11 адамды қамауға алды. Оның бесеуі -Қырғызстан азаматы, алтауы- қазақстандық.  Полицейлердің дерегінше, ұйымдастырушылар түскен ақшаның 30 пайызын қыздарға беріп, қалғанын қалтаға басып отырған көрінеді.  Әр қыз 15 күн сайын шамамен 200 бен 500 мың теңге аралығында еңбекақы алып отырған.
    
Нұрбол АШАКУЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
 
Қыздарды порно сайттарға тіркеу арқылы тікелей эфир режимінде  порнографиялық сипаттағы бейнетүсірілімдерге яғни өзінің жалаңаш денелерімен түрлі порнографиялық сипаттағы шоулар көрсетуге тартқан. Жалғыз өздері және интимдік ойыншықтар деп аталады ғой жабдықтар, сондайларды пайдалану арқылы өздерінің жалаңаш денелерімен жаңағыдай бейнетүсірілімдерге түсіп отырған.

А. Төребекқызы