Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тараз көшелері суға толды

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1676
Тараз көшелері суға толды

Таразда толассыз жауған жауын жеті күнге жалғасты. Осының салдарынан көшелері суға толып, қатынас қиындады. Ұзын-сонар көлік кептелесі де жұрттың жүйкесін жұқартты. Жаяу жүргіншілердің жүріп тұруы тіпті қиындаған. Шаһардың көше бойындағы арық атыздарының тең жартысы істен шыққан. Жергілікті атқамінерлер болса, мәселені шешуге қаражат қолбайлау болып отырғанын айтып ақталды.   

Тараз көшелері көпіріп, толқын соққан теңіз жағалауындай. Жолы мен арығын ажырату қиын. Бұл көктем мен күздегі жауыннан жылда болатын құбылыс. Көше бойына жайылған жауын суын тұрғындар тобықтан емес тізеден кешіп жүр.

БЛИЦ:

- Тіземізден кешеміз суды. Мынаны қамтамасыз ету керек. Арығын жөндеу керек. Елдерге жағдай жасау керек қой былайша айтқанда.

- Жаяу жүргіншілер міне айналып жүр. Арғы жақпен, үйдің шетіменен. Міне көріп отырсыздар. Істемейді міне әкім, келеді отырады бәрі. Ешқандай тірлік істемейді, бәрі сол қалпы.  


Таразда 1400-дей көше болса, соның тең жартысының суағары істен шыққан. Тіпті арығы жоқ көшелер көбейіпті. Жауапты мамандар жауын жауса жерге қарайтындарын мойындайды. Себебі, қаладағы суағарлардың 50 пайызы жарамсыз күйге түскен. Оны жөндеу үшін қаражатқа сұрау салған.

Мақсат НҰРЖАНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

Облыс пен қала екеуі қолдап жатыр ғой. Енді қаражатын экспертизадан шыққаннан кейін белігілі болады. Содан кейін біз ұсынамыз. Арық жүйесін түгел жобасы біткеннен кейін 3 жылдың ішінде біз бәрін істеп бітіреміз.

Әкімдік өкілі бұл мәселені шешу үшін бас қаладан 7 млрд теңге күтіп отырмыз,- дейді. Ол қаражат келгенше, толассыз жауын жауса көшелердің тоғанға айналатына ашулы тараздықтар, өздерімен бірге қол шатырдан бөлек қонышы ұзын рәзеңке етік алып жүруге мәжбүр.

Б. Жұмабайұлы