Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылорда облысы Қазалы ауданында балалар апатты мектепте білім алуда

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1891
Қызылорда облысы Қазалы ауданында балалар апатты мектепте білім алуда

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылының балалары сабақта үреймен отырады. Себебі, олар білім алатын ғимарат апатты жағдайда. «Егер тез арада шешім қабылданбаса, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін», деп мұғалімдер мен ата-аналар дабыл қағуда.    Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ғимараттың жертөресін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.  

Автордың айтуынша,  білім ордасының салынғанына 40 жылға жуықтаған.  Күннен күнге қабырғасы қақырап, іргетасы мүжіліп барады дейді. Ұстаздар  мен оқушылар әр күнді   қорқынышпен өткізетіндерін айтады.   

Ахмедия ТӨЛЕШОВ, №94 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Бұл актіленіп, апатты мектеп деген актісін қолдарына алып отыр. Іргетастары мүжіліп, бетондары құлай бастады. Ең қауіпті блокты жауып берсе, бала үстінен жүрмесе, мұғалім жүрмесе. Жаман айтпай жақсы жоқ. Егерде жазатайым бірнәрсе болса, оның өкініші кетпейді ғой.
 
Ғимарат  алғашқы жарықшақтар 30 жыл бұрын пайда болған. Содан бері құрсауланып тұр дейді ауыл тұрғындары.   Бұл жағдайдан жергілікті билік те  хабардар.

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ:


Эксперттік қорытынды тиісті орындарға жолданып, хабардар етілген. Сондықтан ауылдан жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер белгілеу мен ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржы есептелуде. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім ұсынуға дайындалып жатыр.


М. Тоқтасынқызы