Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Коронавируссыз өмірге қайта ораламыз», - министр

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
897
«Коронавируссыз өмірге қайта ораламыз», - министр

Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер түгел жойылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Жаңа қаулыға сәйкес, енді далада, ашық алаңқайларда медициналық маска тақпауға болады. «Ashyq» қосымшасы да, қоғамдық орындарда  сұралмайды. Ауруханаға жататын науқастардан «птр-тесті» талап етілмейді. Дегенмен, министр қазір маусымдық тұмау өршіп тұрғанын, әрі пандемия толық жойылған жоқ деді. Қазір күніне 100 адамнан коронавирус анықталып отыр.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Жабық орындарда, соның ішінде, офистік жұмыстарда масканы қалдырып отырмыз. Ауамен берілетін вирустық инфекциялардың әлі де көп тіркеліп отыруына байланысты. +Бұл шараны да жағдай жақсарса, аламыз деп жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, көрші елдерде эпидахуал тұрақты емес. Сондықтан шекарадағы талаптар әлі күшінде. Тек ревакцинация алған азаматтар ғана птр анықтамасыз өте алады. Тағы бір мәселе Украинадан импортталатын дәрі-дәрмектің 45 проценті ғана жеткізілген. Ондағы геосаяси жағдай тасымалға тұсау болып отыр. Жалпы келісім-шарт негізінде аталған мемлекеттен 25 түрлі препарат әкеліну керек.

А. Съезбек