Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«AMANAT» - сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жол картасы бар жалғыз партия», - депутат

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1564
«AMANAT» - сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жол картасы бар жалғыз партия», - депутат

«AMANAT» партиясы - халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жол картасы бар жалғыз партия. Мәжіліс депутаттары мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеу үшін бұл құжаттың маңызы зор,- дейді. Мәжілісмен Қайнар Абасов елдегі ірі саяси күш саналатын «AMANAT» партиясына жасалып жатқан трансформация үлкен өзгеріс әкелетініне сенеді. Сайлаушыларға берілген уәдені орындауға мүмкіндік ашылатынын айтады.

Қайнар АБАСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында ең басты өзгерістердің бірі - “Amanat” партиясының трансформациясы. Өткен біздің қателіктерді ескере отырып, қаңтардың қайғылы оқиғасының нәтижелерінен сабақ шығара отырып, бұл өзгерістер қоғамға қажеттілігін айтып өтті. Сондықтан бұл трансформация “Amanat” партиясының бүгінгі таңда қоғамға да, партияға да оң әсерін тигізері сөзсіз.

Ал, мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысынан бастап, жергілікті әкімдердің партия мүшелігінен шығатынын құптайды. Бұл мәслихаттың атқарушы биліктен дербес болуына жол ашады дейді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Мемлекет басшысы айтып отырған Маслихат депутаттары кәсіби білікті болуы керек, Мәслихат депутаты жергілікті атқарушы билік органдарынан дербес болуы керек және мәслихат депутаттары сол өңірдің халқымен тығыз байланыста өткір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне атсалысу керек деген тапсырмасын орындауға бұл жақсы механизм болады.


Т. Әлжанов