Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Азаматтық қоғамға деген сенім жоғары», - Б. Нұрғазиева

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1106
«Азаматтық қоғамға деген сенім жоғары», - Б. Нұрғазиева

Ұлттық құрылтай жұмысына әрбір өңірден азаматтық қоғам өкілдері тартылады. Мемлекет басшысының Жолдауын талқылаған Үкіметтік емес ұйым өкілдері  жоспар құрып, ұсыныс әзірлеп жатқандарын мәлімдеді. Биылғы Жолдаудың саяси салмағы басым, дейді олар. Жаңа реформалар  елдің экономикалық және әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталмақ. Бастысы, мемлекет – халықтың үнін естіп, ескеруі тиіс. Азаматтық қоғам институттары әр  өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ұсыныстар әзірлеп жатыр.  Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен жаңадан қабылданатын заңдарға да талқылау өткізіп, ой білдірмек.

Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САРАПТАМАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Заң жобалары өтіп жатқанда, қоғамда болған мәселелерді қалай талқылағанда, ұлттық құрылтайдың өзі де қоғам мен мемлекеттің байланысына әсер етеді. Азаматтық, әділеттік қарым-қатынастар қазіргі кезде ол керек. Өйткені ашық болу деген азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін нәрсе. Азаматтық қоғамның әскері үлкен.  

Үкіметтік емес ұйым өкілдері  сайлауларда байқаушы қызметтерін атқарып жүр. Бұл бағытта да жетілдіретін тұстар бар  дейді.  

Бану НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Қай саланы алсаңыздар да, Парламент болсын, саяси партиялардың мақсаттары, Маслихаттар, әкімдердің сайлауы, байқаушы ретінде қатысатын үкіметтік емес ұйымдар болады.  Бұл әділ болсын, дұрыс өтсін деген мақсатпен үкіметтік емес ұйымдар байқаушы ретінде қатысады. Бүгін жолдауды талқылап, содан соң өзіміздің ұсыныстарымызды береміз деп отырмыз.

Т. Әлжанов