Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, спорт әлеміне қатысты қандай ақпараттарың бар?
Кеш жарық! Футболдан UEFA Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды. Осы және өзге де жаңалықтар сәлден соң.
Футболдан UEFA Еуропа лигасының ширек финалына қандай командалар жолдама алды? Кеше 1/8 финалдың соңғы қарымта ойындары аяқталды. Нәтиже мынадай: Францияның «Монако» командасынан Португалияның «Брагасы» басым түсті. «Айнтрахт» «Бетисті» жеңді. «Галатасарай» өз алаңында «Барселонадан» жеңіліп қалды. Ресейге салынған санкцияға байланысты «Спартак» пен «Лейпцигтің» кездесуі өткен жоқ. Жалпы мына командалар жартылай финалдың жолдамасына таласады. «Брага», «Глазго Рейнджерс»,«Аталанта», «Вест Хэм», «Лион», «Айнтрахт», «Барселона», «Лейпциг». Ширек финал ойындары 7 және 14 наурыз күндері өткізіледі. Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласында болады.
Англия чемпионатының «Эвертон» мен «Ньюкасл» арасындағы матч аяқ асты тоқтап қалды. Оған себеп -стадиондағы жанкүйердің түсініксіз әрекеті. Ол екінші тайм басында алаңға шығып кетіп, өзін қақпаға мойнынан байлап тастады. Британиялық БАҚ мәліметінше, ер адам бұл әрекетімен Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге инвестиция құюына қарсылығын білдірген.
«Бокста орта салмақты жабу керек!». Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады. Қарсылас таппай жүрген қазақстандық боксшы жоспарланған кезекті жекпе-жегі өтпейтінін білгеннен кейін әлеуметтік желіде осындай жазба қалдырды.
Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:
Төртінші қарсылас жекпе-жекке шығады деп үміттенемін. Ол да бас тартса, бокстағы орта салмақты жабу керек деп ойлаймын.
Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Лаура, сөз сенде.
Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.
А. Данияр