Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентке қайта қыс келді

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
952
Шымкентке қайта қыс келді

Көктемі ерте шыққан Шымкентке қыс қайта келгендей. Бүгін таңертең қала тұрғындары жасыл желектің ақ көрпеге оранғанын көріп, аң-таң. Биылғы қыста жарытып қар көрмеген   халық  бұған қуанғанымен,  гүлдеп тұрған өрік ағаштарына алаңдаулы. Қардың қалыңдығы- 13 см. Ал таулы аудандарда  ақ ұлпа 15-19 см -ге жеткен.  Дегенмен, синоптиктер,  Наурыз мерекесі күндері ауа температурасы күндіз   8 ,  13 градусқа дейін   жылиды дейді.  Ал 23-наурызда тағы  қар жаууы мүмкін деген болжам бар.

А. Төребекқызы