Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Көру қабілеті нашар адамдардың өздігінен жазу дағдысын игерту аппараты құрастырылды

AstanaTV
19.03.2022ж. 20:00
1538
Көру қабілеті нашар адамдардың өздігінен жазу дағдысын игерту аппараты құрастырылды

COVID-19 -ның клиникалық симптомдарын анықтауға болатын және  көру қабілеті нашар адамдардың өздігінен жазу дағдысын игерту аппараттары құрастырылды. Оқушылардың ғылыми жұмыстары Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  дәстүрлі "Наурыз кездесуінде" таныстырылды.

Көктемгі ғылыми жобалар байқауына 150-ге жуық оқушы қатысты. Олар жасанды интеллект пен мехатроника салаларында ғылыми зерттеулерін және тың өнер табыстарын ұсынды. Ғарыш қоқыстарын анықтайтын наноспутник, биологиялық қол протезі және медицина тақырыбындағы әртүрлі компьютерлік бағдарламалар мен  қосымшалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.  Жобалардың дені медицина және экология бағытында.   

Күләш ШӘМШИДИНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Түркістан қаласындағы мектептің ашылғанына бар-жоғы 3-4 ай болды. Наурыз кездесулерінің негізгі міндеті, мақсаты – бұл балалардың әр пән бойынша алған білімін практикада іске асыру.   

Т. Әлжанов