Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодарлық депутаттар тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті

AstanaTV
19.03.2022ж. 20:00
1346
Павлодарлық депутаттар тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті

Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиал депутаттары тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Клейндер отбасына партиялықтар тұрмыстық техника мен азық-түлік себетін сыйға тартты. Бұл жанұяда кәмелет жасқа  толмаған 3 бала бар. Отағасы -мүгедек. Депутаттар қиын жағдайға тап болған отбасына жылы сөздерін айтып, мерекемен құттықтады.

Олег КЛЕЙН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барлық жерлестерімді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бұл өте керемет мереке. Шынымды айтсам, бұндай сыйлық аламыз деп күткен жоқпыз. Бұрын теледидарымыз істемей қалғанда да, көмектескен болатын. Алғысым шексіз.


Ертіс-Баян өңірінде партияның «Ардагерлерді ардайық!» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі жасалған. Осы тізім бойынша депутатттар әлеуметтік осал топтарға үнемі қол ұшын созып келеді. Бұл жолы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмектен бөлек коммуналдық төлемді төлеуге де қаржылай көмек көрсетті.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Пандемия салдарынан үй үйді аралаудың өзі қиынға соқты. Қазір қалыпты өмірге біртіндеп келе жатырмыз. Мұқтаж отбасылар әрдайым біздің бақылауымызда. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Тезірек бұрынғы өмірге оралайық!

Ө. Қуанар