Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өзендердің арнасын кеңейту жұмыстары 2016 жылы аяқталмақ

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2142
Өзендердің арнасын кеңейту жұмыстары 2016 жылы аяқталмақ

Алматыдағы Қарасу және Есентай өзендерінің арнасын кеңейтіп, түбін лайдан тазартпаса, сол маңдағы үйлерге су кіруі мүмкін. Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев мәлімдеді. Жауапты мекеме жуырда өзен аңғарларының жан-жағын жөндеуге кіріскен еді. Бүгін БАҚ өкілдері өзендердің қазіргі ахуалыменн танысты. Соңғы кезде толассыз жауған жауынның салдарынан бұл маңайдағы үйлердің ауласы суға толған.

Надежда Ильина: 

Жаңбыр молынан жауғанда, өзен суы арнасынан тасып, есігіміздің алдын су басты. Тізеден су кешіп жүрдік. Егер мына өзендердің жағалауын кеңейтсе, ешқандай қиындық болмас еді.

Жергілікті билік өкілдері мәселені тездетіп шешуге кіріскен. Есентай өзенінің аңғары лайдан тазартылып, ені 4 метрден 16 метрге дейін кеңейтілді. Қарасу өзенінің ені де 3 метрге ұлғайып, түбіндегі қоқыс пен құм сыртқа шығарылуда. Жағалаулар темір бетондармен бекітілмек. Жалпы Алматыда ұзындығы 320 мың шақырымды құрайтын 28 өзен бар. Оның 120 мың шақырымына бірнеше жыл бұрын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Қос өзеннің арнасын кеңейту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді.

Айдын Темешев, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Осы өзендерге басқармамен сметалық жоба дайындалып, осы маслихат арқылы ақша бөлініп, осындай жұмыстар басталып жатыр. Осы үйлерді қатты нөсер жаңбырда, қар еріп, болмаса басқа жағдайда, осы өзеннің сулары басып кетпейтіндей етіп жасап жатырмыз.